Алтын күздің сыйы
Күз - табиғаттың ең көркем, ең берекелі мезгілі. Жер ана сары жапыраққа оранып, даланы алтын түске бояйды. Дәл осы мезгілде табиғат та, адам да жылулық пен мейірімге толы күйге енеді. Күз - еңбектің, молшылық пен ризашылықтың айы. Осы бір ерекше сәтті қуанышқа бөлеген Алматы қаласы, Алмалы ауданына қарасты №22 бөбекжай-балабақшасында дәстүрлі «Алтын күз» мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті