Алматы қаласы Білім басқармасының
«№22 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
(8727) 379-69-42
Әдіскер:
(8727) 379-72-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қандай жаста, қандай кітап оқу керек?
22
июль
2022

Қандай жаста, қандай кітап оқу керек?

Ата-аналарға кеңес. Кітапты қалай оқу керек? 
• Мамандар балаға 3 айлық кезінен кітап оқи бастауға кеңес береді.
• 1 жасқа дейінгі сәбиге кітап оқу кезінде оны алдыңызға алғаныңыз жөн. Дамуға арналған кітап-ойыншықтың беттерін бірге ауыстырып, әрбір беттегі суреттерге жеке тоқталғаныңыз дұрыс.
 • Уақыт өте келе беттері қалың кітаптарды интерактивті кітаптарға ауыстыруға болады.
• Суреттері бар кітапты оқу кезінде суретті нұсқап, атын айтыңыз, сол кезде бала сөз бен суреттің бір екенін түсініп, екеуін байланыстырады. Сондай-ақ, баланың сөздік қорын кеңейтуге септігін тигізеді.
• Кітап оқу барысында басты кейіпкерге тән мінез-құлық пен дауыстарды сомдауға ұялмаңыз. Қасқыр болса-қасқырша ұлып, ит болса-үріп, қыңсылуға болады.
• Кітап оқуға отырған кезде баланың көңілін бөлетін басқа заттарды (ұялы телефон, теледидар т.б. ) алып тастаңыз.
 "Ертегі" ересектер тобы. 
Тәрбиеші: Мамешова Ж.Ш