Алматы қаласы Білім басқармасының
«№22 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
(8727) 379-69-42
Әдіскер:
(8727) 379-72-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жіп терапиясы"
05
январь
2024
"Жіп терапиясы"
Баланың қиялын дамытуда, өзін-өзі дамытуда қазіргі замандағы жаңа технолоияның ерекше түрі бұл - жіп терапиясы. Жіппен жұмыс жасау баланы ашуға тез берілуден, жылауықтықтан, агрессиядан айықтырады және алдын-ала сақтайды.Терапия түрін алар болсақ, ол баланың ұсақ маторикасын, ойлау қабілетін дамытады. Баланы әсемдікке, әдемілікке үйретеді. Баланың шығармашылығын тереңдетеді. Өз ойын толыққанды жеткізе алуына кеңінен мүмкіндік береді. Баланы нақты нәтижеге жұмыс жасап, тиянақтылыққа баулиды.  
"Қош келдің , жаңа жыл!"
27
декабрь
2023
"Қош келдің , жаңа жыл!"
Мақсаты:  Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Ертеңгілік барысында балаларды персонаждарға бөліп, өздері кейіпкерлендіруді ұсыну. Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.
"Қыс қызығы"
07
декабрь
2023
"Қыс қызығы"
Балалардың қозғалыс қабілеттерін жетілдіру арқылы қысқы ойындардың құндылық қарым-қатынасын және қысқы спорт түрлеріне балалардың қызығушылығын қалыптастыру және қуанышты эмоционалдық көңіл-күйді қамтамасыз ету
"Жер -2023"
11
сентябрь
2023
"Жер -2023"
11 - қыркүйек сағат 10.00-де "Жер -2023" Республикалық оқу -жаттығу шеңберінде жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді.
День веселой маски
15
август
2023
День веселой маски
Изготовление масок для театра — интересное и полезное занятие, расширяющее кругозор, развивающее мелкую моторику, воображение, фантазию, творческое мышление. Экспериментирование с яркими, выразительными материалами формирует художественный вкус, обогащает знания о цвете, форме и фактуре. Самостоятельно изготовленная уникальная маска порадует ребёнка, создаст положительный эмоциональный настрой, вызовет желание рассказать о задуманном образе.
Көпіршіктер күні
10
август
2023
Көпіршіктер күні
Мақсаты: сиқырлы атмосфера құру және балаларға сабын көбіктері бар ойындардан рахаттану. Көпіршікті үрлеу әдістерімен таныстыру; бірлескен қарым-қатынастан ләззат пен жағымды эмоциялар беру, ынтымақтастық тәжірибесін, құрдастарымен достық қарым-қатынасты байыту, балалардың моторикасын, кеңістіктегі бағдарлау дағдыларын дамыту, өзіне деген сенімділік сезімін қалыптастыру. 
Нептун күні
25
июль
2023
Нептун күні
МАҚСАТЫ : Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түймедақтар күні
21
июль
2023
Түймедақтар күні
Мақсаты:  Гүлдердің  түрлерімен  таныстыру Гүлдердің  түр – түстерін  ажырата  білуге  баулу. Өсімдіктерді күту  ережелерімен  таныстыру. Түстер  туралы  ұғымын  бекіту, түстердің  атын  білуге  машықтандыру. Сөздік  қорын  молайту, тілдік  белсенділік  қызметін  арттыру. Гүлдердің  түр – түстерін  есте  сақтау, қабылдау, ойлау  сезімдерін  дамыту. Түған еліннің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге, күтуге, сүйіспеншілікке жастайыннан тәрбиелеу.